Алматыда жылыту маусымы ертерек басталмақ

Фото: Freepik

7-11 қазан аралығында Алматыда кезең-кезеңімен жылу қосылады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.


Соңғы бес күнде температураның +8 градусқа дейін немесе одан төмен түскендігі жылыту маусымын бастауды жеделдетті.


Жылытылатын нысандардың алғашқылары – әлеуметтік мекемелер. Содан соң тұрғын үйлер, жатақханалар мен қонақ үйлерге жылу жәберіледі. Әкімшілік ғимараттар мен оқу орындары келесі кезекте.


Энергия беруші ұйым жылыту маусымы басталатыны туралы хабарлайды.