Алматыдағы Абай атындағы ҚазҰП университетінің жері заңсыз сатылған

Универ фото на taspanews.kz от 20 февраля 2025 11:12
Фото: Абай ҚҰПУ университеті

Алматы қаласы, Медеу ауданы прокуратурасы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің заңсыз сатылған оқу корпустары мен стадионын қайтарды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Бас прокуратурасына сілтеме жасап.


Бұрынырақ, оқу және тұрғын үй алаңының жетіспеушіліне қарамастан, университеттің бұрынғы басшылығы сауда-саттық өткізбей, бағалаусыз жалпы ауданы 1500 шаршы метрден асатын екі корпусты сатқан. Дәл осы ғимараттың бірін университет өзі жалға алып отырды, ал екіншісінде ойын-сауық мекемесі ұйымдастырылған.


"Сонымен қатар спортты бірлесіп дамытамыз деген көз-бояушылықпен Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында орналасқан алаңы 5 гектардан асатын спорт стадионы 10 жылға үшінші тұлғаларға берілген.5 жыл бойы футбол алаңы коммерциялық мақсатта пайдаланған, ал 16 мың студенттің дене шынықтырумен толық айналысуға және спорттық іс-шаралар өткізуге мүмкіндігі болмаған",– делінген Бас прокуратура хабарламасында.


Заңды күшіне енген сот актілерімен барлық мүлік университетке қайтарылды.


Следите за новостями Taspanews