Алматыдағы ашық аспан астындағы мұз айдындары қашан жұмыс істей бастайды
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда 1 желтоқсаннан бастап Алматы 12 тегін мұз айдыны жұмыс істей бастайды, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұз айдындарының Алматы бойынша орналасуы:
1. Республика Сарайының алдындағы Абай алаңы;
2. Halyk Arena;
3. 28 батыр-панфиловшылар атындағы саябақ;
4. Тұңғыш Президент саябағы;
5. Наурызбай ауданы әкімдігінің алдындағы алаң;
6. ҚБТУ көлік тұрағы;
7. "Авиатор" стадионы;
8. "Көкжиек" шағын ауданы;
9. "Гүлдер" саябағы;
10. Almaty Arena;
11. №6 оқушылар үйі;
12. Мүсірепов атындағы Балалар және жасөспірімдер театры алдындағы аумақ.
"Конькилерді жалға алу жұмыс күндері сағат 10.00-нан 22.00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 10.00-ден 23.00-ге дейін мүмкін болады" – Алматы әкімдігі.