Алматыдағы қалың қарды тазарту қызметі тәулік бойы қызмет атқарады

Фото: Алматы әкімідігі (скрин)

22 қаңтар күнгі Алматыдағы қалың қар салдарын жою қолға алынды, коммуналдық қызметтер жолдарды жедел күреуде, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Қаланы тазартуға 600 техника пайдаланылуда, 1500 жұмысшы жұмылдырылды. Қар күреліп, үйінді жасалып біткен соң, негізгі көшелер мен жолдардағы қар шығару жұмыстары 3-7 күнге созылады.


Еске салсақ, бұрынырақ Taspanews.kz редакциясы 22-23 қаңтарға қараған түні және екі күн бойы қалада қар жауып, көктайғақ болатынын ескерткен.