Алматыдағы қалың қармен күреске 1200-ден астам адам жұмылдырылды

Фото: Almaty_joly

Алматыда 22 қаңтар күні басталған қалың қардың салдарымен күрес жалғасуда – деп хабарлайды Taspanews.kz Almaty joly сілтеме жасап.


Тәулік бойы қалаға 18 см, Медеу мұз айдынында 12 см қар түсті.


22-23 қаңтарға қараған түні 771 жұмысшы жолдарды тазартумен айналысты.


Таңғы 04:00-де қайта қар күреу ұйымдастырылды. Қазіргі таңда 1280 адам жол жұмыстарына жұмылдырылды.


Ауа-райы болжамына сәйкес, қалада температура -7 градусты құрап, аздаған қар жауады.