Алматыдағы жаңа зауытта 65 жұмыс орны құрылады

Фото: Алматы әкімдігі
Алматының индустриалды аймағында Hyundai, Great Wall Motors және Chery автомобильдері үшін орындық шығаратын зауыт іске қосылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Жылына 100 000 жиынтық орындық өндіретін кәсіпорын импортқа тәуелділікті азайтып, саланың дамуына серпін бермек. Жаңа зауыттың жалпы аумағы – 4 850 м², ал инвестиция көлемі – 4 млрд теңге.
Өндіріс процесі 65 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Кәсіпорында автомобиль кластерін дамытуға және машина жасау саласында білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік жасалады.