Алматыдан 148 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Фото: globallookpress.com
Жұма, 2025 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан уақыты бойынша сағат 04:12-де Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz.
Жедел мәліметке сәйкес, жер сілкінісі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 148 шақырым жерде болған. Жер сілкінісінің ошағы айтарлықтай тереңдікте болды.
«Алматыда және басқа да жақын орналасқан елді мекендерде жер бетінің айтарлықтай тербелісі тіркелген жоқ», - делінген СБЗҰҒО хабарламасында.