Алматыдан 262 км қашықтықта жер сілкінді

Фото: Pexels

4 қазан, Астана уақытымен түнгі сағат 04:31 де Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 262 км қашықтықта жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Taspanews.kz СБЗҰ ғылыми орталығына сілтеме жасап.


Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы мәліметтеріне сай, Қытай аумағында болған тербеліс Қазақстанда баллдық тұрғыда байқалмаған.


Еске салсақ, 17 қазан таңында Алматыда жер сілкінісі екі баллды құраған.