Алматыдан 272 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ресми мәліметке сілтеме жасап.
Сейсмологтар Орталық Азияда жер асты дүмпулерін тіркеді.
«Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС (ҰҒТҒЗИ) сейсмикалық стансалар желісінің жедел деректеріне сәйкес, жер сілкінісі 2025 жылғы 4 ақпанда Астана уақытымен сағат 01:33-те болды.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 272 шақырым жерде орналасты. Нақты координаттары – 40,873° солтүстік ендік және 77,872° шығыс бойлық», - делінген ҚР ҰҚК хабарламасында.
Жер сілкінісі Қазақстан аумағында байқалмады.
Сейсмологтар сақтық шараларының маңыздылығын атап өтті.