Алматыдан 576 шақырым жерде жер сілкінді
Фото: istockphoto.com
18 желтоқсан түні Қазақстан уақыты бойынша 03: 01 сағат 52 секундта Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі “СБЗҰҒО” ЖШС сейсмикалық желісі жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz.
Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан мен Қытай шекарасында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 576 шақырым жерде орналасқан.
"MSK-64 шкаласы бойынша Қазақстан аумағында жер қыртысының жылжуы тіркелген жоқ"