Алматыдан 600 шақырым жерде жер сілкінісі болды
Фото: Pixabay.com
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық байқаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы 2025 жылдың 5-ақпанына қараған түні жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz орталықтың деректеріне сілтеме жасап.
Жерасты дүмпулері Қазақстан уақыты бойынша 00 сағат 53 минут 19 секундта тіркелді.
«Жер сілкінісінің координаттары – солтүстік ендік 40,979° және шығыс бойлық 83,511° болды. Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 601 шақырым жерде орналасқан»,
Республиканың оңтүстік облыстарының тұрғындары жер асты дүмпулерін сезбегені, инфрақұрылымға ешқандай зардаптар мен қауіп төнбегені атап өтілді. Сейсмикалық белсендікті бақылау жалғасуда.