Алматыдан 684 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

Shutterstock фото на taspanews.kz от 12 марта 2025 08:28
Фото: Shutterstock

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығына сілтеме жасап.


Жерасты дүмпулері Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 684 шақырым жерде тіркелді.


«2025 жылғы 12 наурызда Астана уақыты бойынша 06 сағат 15 минут 58 секундта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің координаталары: солтүстік ендік бойынша 41.233, шығыс бойлық бойынша 69.066», – делінген ресми ақпаратта.

Жер сілкінісі Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылында 3 балл, Сарыағаш қаласында 3 баллдық қарқындылық көрсетті.


«Қазселденқорғау» ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді. Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді»,  «Қазселденқорғау» ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді. Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді», 

Бұған дейін жер сілкінісі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 298 шақырым жерде тіркелген.


Следите за новостями Taspanews