Алматыдағы Сібір жарасы расталды: топырақта 100 жыл сақталатын дерт қозуының нақты себебін білсек

Сібір жарасы ответ фото на taspanews.kz от 05 сентября 2024 14:16
Фото: Жасанды интеллект

Жуырда Алматы облысының әкімдігі 1 қыркүйекте Ұйғыр ауданында сібір жарасы бар болуы мүмкін төрт адамды тіркегендерін айтты. Алдын ала ақпарат бойынша, олар ауру малды сойғанда дертті жұқтырған болуы мүмкін.  «Шаңырақ» Ұлттық агроқозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы Алмасбек Садырбаев Taspanews.kz редакциясына сібір жарасының ерекшеліктері мен Қазақстанда тез тарауы мүмкіндігінің себебін айтты.


Сібір жарасын жұқтыру қаупі


Алмасбек Садырбаевтың айтуынша, сібір жарасы – өте қауіпті инфекциялық ауру. Басқа ауыр дерттерден айырмашылығы – жануардан адамға жұғады. Аурулардың барлығы бірдей осындай мутация түріне ұшырай алмайды.


«Бұл жануардан адамға жұғатын санаулы аурулардың бірі. Қысқаша айтқанда, сібір жарасы – әрдайым бақылауда ұстауды қажет ететін аса қауіпті жұқпалы ауру», – деді Садырбаев.


Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі де Taspanews.kz тілшісіне аталмыш ауру туралы қосымша ақпарат берді.


«Сібір жарасы Bacillus anthracis бактериясынан пайда болады. Егер адам ауруды жұқтырып, уақытылы емделмесе, арты өлімге әкеліп соғуы мүмкін. Ал жануар ауырған жағдайда, көбінесе, өлімді тездетеді. Адамда ол негізінен карбункулез түрінде, кейде  терілік немесе септикалық түрде болады. Ол интоксикациямен, терінің, лимфа түйіндерінің және ішкі ағзалардың серозды-геморрагиялық қабынуының дамуымен сипатталады. Сібір жарасы адамнан адамға жұқпайды», –  деді ведомство өкілдері.


Алдын алу


Алмасбек Садырбаев сібір жарасы өршуінің алдын алу үшін карантин жариялап, ауру малдардың көзін жойып, олармен әрекеттескендерді жіті бақылауға алу керегін айтты.


«Жануарларға вакцинация жасалады, жұқтырған малды союға және жоюға қатаң бақылау жасалады. Анықталған ауру жануарларды оқшаулау керек, ет өңдейтін шаруашылықтар мен кәсіпорындарда ветеринария-санитариялық нормалардың сақталуын бақылау, инфекциямен байланыста болған адамдарға профилактикалық емдеу жүргізу қажет», – деді Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері.


Ведомство мәліметінше, профилактикалық мақсатта бірқатар шаралар жасалуда:


-          сібір жарасы табылған аумақта топырақ пен жер асты сулардың сынамалары алынып, оларда қоздырғыштың бар-жоғы тексеріліп жатыр, бар болған жағдайда топырақ ошақтарын зарарсыздандырылады.


-          Мал жиналатын орындардың (базарлар, көрмелер және т. б.), жануарлардан алынатын шикізат пен өнімді дайындау, сақтау, өткізу және қайта өңдеу орындарының ветеринариялық-санитариялық жай-күйін қадағалау жүзеге асырылып жатыр


-          Тұрғындардың  ветеринариялық-санитариялық білімін күшейтілуде


«Адамдар мен жануарларды сібір жарасына қарсы вакцинамен вакцинациялаудың маңызы өте зор», – деп түрте кетті Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.


Жерлеу орындары


Садырбаев өлген малды міндетті түрде арнайы биотермиялық шұңқырларға жерлеу керек екенін айтты. Оның ақпаратына сенсек, Қазақстанда жануарларға арналған жерлеу орындары өте көп. Алайда, сарапшы оларды сенімді деп санамайды. Өйткені ол аумақтық локализация тек шартты деп отыр.


«Сібір жарасы ит, мысық, тышқан сияқты жануарлар арқылы да жұғады. Барлық тірі организм ауру тасымалдаушы болуы мүмкін», – дейді маман.

Оның сөзінше, Қазақстан сібір жарасының өршуі белгілі бір уақытта қайталанып тұратын аймаққа жатады. Сарапшы мұндай аймақтар әрдайым бақылауда болуы керек деп есептейді.


Ауыл шаруашылығы министрлігі де сарапшының пікірімен келісетінін айтты.


Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, сібір жарасы — Республиканың барлық өңірлері үшін қолайсыз болып саналатын стационарлық дерт (топырақ арқылы берілетін инфекция). Сонымен қатар, сібір жарасының қоздырғышы жерде ұзақ уақыт сақталуы мүмкін, ашығын айтсақ , жүз жылдан астам уақытқа құрамын өзгертпейді. Оған қоса, аурудың қауіптілігін оның зерттелмеген тұстары мен ауа райының тұрақсыздығы және табиғи-географиялық факторлар күшейте түседі.


Ал министрлік Қазақстанда сібір жарасы өте сирек кездесетінін айтады. Барлығы белсенді профилактикалық шаралар мен вакцинаның арқасында екенін айтты.


«Алайда, кейбір аймақтарда, әсіресе топыраққа дерт жұққан жерлерде, ауру өршуі мүмкін»  – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Ресми ақпараттарға сәйкес, Мемлекеттік ветеринариялық қызмет аурудың өршуінің алдын алу үшін жағдайды қатаң бақылауда ұстап отыр.


Сібір жарасының пайда болуы ауа-райының қолайсыздығына да байланысты мүмкін: қатты жылу және кейбір жерлерде жауын-шашынның болмауы әсер етеді. Мұндай жағдайларда ауру жердің төменгі қабаттарынан көтеріледі. Содан кейін олар жайылымдық жануарлардың организмдеріне енеді.


«Аса қауіпті орындар – ауру малдардың жерленген жерлері», – деп түсіндірді Садырбаев.

Маман сібір жарасына душар болғандар жерленген жерлер темір-бетонмен қоршалған деп сипаттады. Оның айтуынша, олардың орналасқан жері құпия емес және қорғалмайды, себебі мемлекеттік органдар бұл жерлерді ашық көрсету керек деп санайды.


«Төрт-бес тышқанды ауру мал көмілген жерге жіберсеңіз, олар ауруды тасымалдаушыға айналады»,  – деді Садырбаев.

Биологиялық қауіпсіздік


«Қазақстанда осыған дейін де, қазір де сібір жарасын жұқтырған адамдар болды, әлі де бар. Өкінішке орай, СЭС-те, ветеринариялық қызмет те жасырады»,   – деді Садырбаев.

Сарапшының пікірінше, ауруды жасырмау керек. Негізінен адамдар малда сібір жарасы пайда бола бастағанда олардың көзін жойып бастайды.


«Көзін жою, әрине, жақсы. Десе де, барлығы бірдей олай жасамайды. Кейбіреулер сойып, базарға өткізіп жіберуі де мүмкін»,  – деді Садырбаев.

Ол аурудың өршу орындарын ашық мойындап, жұртшылыққа «адамдар ол жаққа бармауы, қонаққа бармауы үшін, бұл аумақты оқшаулау керек» екенін айтып, ондай орындарды жария етіп, халыққа ескерту керек екеніне сенімді.


«Осындай өршу, қателеспесем, бір-екі жыл бұрын Жамбыл облысында болған. Ересектер де, балалар да ауырды, қолдарына ауруға тән жаралар шықты, себебі біздің ветеринария қазіргі уақытта мүлде талаптарға сай келмейді», – деді Садырбаев.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Алматы облысындағы соңғы жағдайлардың әлі расталмағанын, талдау нәтижелері әлі дайын емес екенін еске салды. Потенциалды ауру малды сою ветеринарлық қызметке хабарламай жүргізілді. Бұл ретте елді мекендегі жануарлар 12 тамызда вакцинацияланды. Науқастардың жеке шаруашылығынан алынған мал бақылауда және әзірге аурудың белгілері жоқ. Соған қарамастан, ауылдық округте дезинфекция жүргізілді.


Ал соңғы мәліметтерге сәйкес министрлік мәлімдемесінде келесі ақпарат келтірілді:


“5 қыркүйекте Республикалық ветеринариялық зертхана 2 бас ІҚМ сынамаларында сібір жарасының болуын растайтын бактериологиялық зерттеулердің нәтижелерін алды”.

Маман осыдан үш жыл бұрын ветеринарияға байланысты қабылданған реформа туралы да сөз қозғады. Онда «Мал дәрігерлерінің жалақысы 15-20 пайызға көтерілсін» деген ғана қаулы болды.


Ал ветеринарлық қызмет  – «еліміздің биологиялық қауіпсіздігі». Сарапшының ойынша, ҚР ветеринарлық қызметі қойылған талаптарға мүлде сәйкес келмейді.


 «Бұл менің сарапшы ретіндегі жеке ойым. Өйткені, мен бұл елдің ветеринариясында не былығып жатқанын білемін. Жағдай ретке келтірмейінше, сібір жарасы мен оның өршуі сияқты қауіп төне береді. Осылайша еліміздің биологиялық қауіпсіздігіне қауіп төнеді»,  – деп сөзін аяқтады Садырбаев.

Следите за новостями Taspanews