Алматыға "Бақ қаласы" статусы оралады

Алматы фото на taspanews.kz от 06 декабря 2024 12:16
Фото: Алматы әкімдігі

Мемлекет басшысының Алматыны қайта "Бақ қала" етіп жаңғырту тапсырмасы аясында қаланы жаппай көгалдандыру жүзеге асуда, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Осы орайда, бастамасы 2022 жылы орын алған "Жасыл Алматы" жол картасы бойынша жұмыс жүргізіледі. 2030 жылға дейін 2,5 миллион


жасыл  желек отырғызу көзделді. Жыл сайын 320 мың ағаш отырғызылады.


"Мемлекет басшысының «Алматы – бақ қала» мәртебесін қайта жаңғырту тапсырмасын сапалы жүзеге асыру мақсатында 2023-2024 жылдары 500 км автосуару және тамшылатып суару желілері орнатылды. 2025 жылы тағы 290 км желі тарту үшін 4,1 млрд теңге бөлінеді. Бұл жүйе 1 млн-нан астам ағашты автоматты суару жүйесімен қамтуға мүмкіндік береді", – Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев.

Следите за новостями Taspanews