Алматыға таяу тұста кезекті жер сілкінісі тіркелді

Pixabay.com фото на taspanews.kz от 18 декабря 2024 17:36
Фото: Pixabay.com

18 желтоқсан күні, Астана уақытымен сағат 15:01-де ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі “СБЗҰҒО” ЖШС сейсмикалық желісі жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жер сілкінсінің ошағы Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 371 шақырым жерде болды.


Жер сілкінісі Қазақстан аумағында байқалмады. Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.


Следите за новостями Taspanews