Алматылық 20 мың оқушы онлайн түрде жер сілкінісі туралы ақпараттандырылды

Фото: ҚР ТЖД

Алматылық оқушылары жер сілкіну кезіндегі қауіпсіздік жайлы ережелермен толығырақ танысты, – деп хабарайды Taspanews.kz ТЖД-на сілтеме жасап.


30 қыркүйекте Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығы аумағында Алматы қаласының барлық орта білім беру мекемелерінің оқушыларын біріктіретін оқу тренингі ұйымдастырылды.


Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қаланың білім басқармасымен бірлесіп балаларға маңызды ақпарат беруге тырысты.


Тренингте жер сілкінісі кезінде ұстану шарт он қарапайым қадам айтылды, сондай-ақ осындай жағдайларда дұрыс әрекет етуді көрсететін профилактикалық бейнеролик көрсетілді. Тренингті көру онлайн түрде Алматының Алатау және Наурызбай аудандарындағы 70 мемлекеттік мектептегі 20 мыңнан астам оқушыға қолжетімді болды.