Алматылық ғалымдарға пәтерлер берілді

Фото: Саясат Нұрбек ресми парақшасы
Алматыда орналасқан ғылыми ұйымдар мен жоғарғы оқу орындарындағы ғалымдарға Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек пәтер сертификаттарын табыстады, – деп хабарлайды Taspanews.kz министрдің ресми парақшасына сілтеме жасап.
Бұл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында іске асты. Дәл осындай шара 2024 жылы мамырда да орын алып, 10 ғалымға сертификаттар берілген. Ендігі кезекте жаңа тізім жасалады.
"Бұл жас ғалымдарды ғылымға тартуға мүмкіндік береді, жас ғалымдар санының артуы ғылымның дамуына, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға, сондай-ақ жаңа экономикалық кластерлер құруға оң әсер етендігіне сенімдімін",