Алматылық мұражай қызметкерлерінің жалақысы артып келеді

Фото: kazmuseum.kz
Алматылық мұражай қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы мен білім алуы бірінші орында, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
2023 жылы қызметкерлер жалақысы жергілікті бюджет есебімен 30% - ға өсті және республикалық бюджет арқылы жыл сайын төлемдер 18% - ға артып келеді. Одан бөлек, әкімдік қолдауымен қызметкерлер Лувр, Вена, Прага, Сингапур секілді елдердің мұражайларында тағылымдамадан өтті.
Сонымен қатар, жас мамандар үшін «Алматы жастары» бағдарламасы қолжетімді. Мәселен, қазіргі таңда 30 қызметкер баспаналы болды.