Алматылық Сарыарқа саябағында "JAS FEST-2024" демалыс орталықтарының жәрмеңкесі өтті

Жас фест фото на taspanews.kz от 24 сентября 2024 11:02
Фото: Taspanews

Алматыда Әуезов аудандық демалыс орталықтарының жәрмеңкесі – "JAS FEST-2024" фестивалі өтті, – деп хабарлады Taspanews.kz Әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Іс-шараны 21 қыркүйекте Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен "UAQYT" Қоғамдық қоры ұйымдастырды.


"Тұрғылықты жері бойынша жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын сапалы ұйымдастыру, олардың қабілеттерін, шығармашылық, зияткерлік, спорттық дағдылары мен мүмкіндіктерін жан-жақты дамыту үшін Алматы қалалық Әуезов ауданында" UAQYT " Қоғамдық Қоры Алматы қаласы Әуезов ауданының бос уақыт өткізу орталықтарының қызметін іске асырады. Демалыс орталықтарында 12 жастан 35 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар 41 үйірмелерге тұрақты және тегін негізде қатысады", – деп атап өтті "UAQYT" Қоғамдық қорының төрағасы Маханбет Бауыржан Сәбитұлы.

а фото на taspanews.kz от 24 сентября 2024 11:02
Фото: Taspanews.kz

Серуендеп жүрген тұрғындар демалыс орталықтары ұсынған түрлі үйірмелермен танысты. Көпшілігі өз балаларын, бауырларын шығармашылық бағыттағы, спорттық, әскери-патриоттық немесе робототехника орталықтары сияқы белгілі бір үйірмелерге тіркеді.


Сонымен қатар, "UAQYT" қоғамдық қорының төрағасы үздік тәрбиеленушілерін алғыс хаттармен және шағын сыйлықтармен марапаттады.


ac фото на taspanews.kz от 24 сентября 2024 11:02
Фото: Taspanews.kz
"Біз" Дәлел " демалыс орталығында бірнеше жылдан бері билеп келеміз. Әрқашан "UAQYT" қоғамдық қоры немесе аудан, қала әкімдіктері ұйымдастырған концерттерде өнер көрсетеміз. Бүгін қыздармен бірге мақтау қағаздары мен құлаққаптармен марапатталдық. Басшылықтың бізді осындай маңызды іс-шарада атап өткеніне өте қуаныштымын", – деді "Дәлел" Демалыс орталығы тәрбиеленушілерінің бірі Сабыржан Жанерке.

ad фото на taspanews.kz от 24 сентября 2024 11:02
Фото: Taspanews.kz

Жәрмеңкенің соңында Әуезов ауданының демалыс орталықтарының жасөспірімдері мен жастарына арналған "OINA SHOW" ұйымдастырған үздік ойын-сауық шоуы өтті. Балалар кинотуындылар мен мультфильмдердің атауларын еске алып, өз топтарымен бірге жеңіске жету үшін ән айтып, би биледі.


Следите за новостями Taspanews