Алматының 70 мың гектар жерін АҚШ Үкіметі жалға алады
Фото: Depositphotos
Алматыда АҚШ Үкіметі консулдық мекеме үй жайларын салу үшін 70 мың шаршы метрді жалға алатын болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысына сілтеме жасап.
2025 жылдың, 22-қаңтары күні Мәжілістің жалпы отырысында АҚШ-тың консулдық үй жайын салу үшін Алматыда жер учаскесін жалға беру туралы келісімді ратификациялау туралы ҚР Заң жобасы қаралды. Ол бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы, депутат – Құспан Айгүл келісім Нью-Йоркте 2024 жылы 27 қыркүйекте жасалғанын айтты.
Құрылысқа және пайдалануға 49 жыл мерзімге ауданы 70 мың шаршы метрден асатын жер учаскесін жалға беріледі. Қаулыға дауыс беру кезінде 95 депутаттың 95-і оң дауыс берді.