Алматының хирургтары төменгі аяқтың ишемиясы бар науқасты құтқарды

ҚР ДСМ фото на taspanews.kz от 31 января 2025 15:28
Фото: ҚР ДСМ

Орталық қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері 73 жастағы науқасқа күрделі аортобифеморальды протездеу жасап, оның төменгі аяқтарының қан айналымын қалпына келтірді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.


Операция нәтижесінде пациенттің жағдайы тұрақтанып, ол жақын арада ауруханадан шығаруға дайындалып жатыр. Аталған операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін жүргізілді.


Следите за новостями Taspanews