Алматының қоғамдық орындарында кітап беретін автоматтар орнатылды

Фото: Алматы әкімдігі

Алматының 9 метро бекетінде және қаладағы басқа да қоғамдық орындарда 24 дербес кітапхана орнатылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Автоматты кітапханалар «Райымбек батыр», «Жібек жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «Мұхтар Әуезов», «Алатау», «Сайран» және «Мәскеу» бекеттерінде орнатылды. Сонымен қатар жаңа технология «Азия парк» және «Халыққа қызмет көрсету орталықтарында», «Спутник», «Атакент» сауда орталықтарында, Медеу және Түрксіб аудандарындағы жастар орталықтарында және Sail коворкингінде бар.


«Осы жаңашылдық арқылы қала тұрғындары кітапты алып, 24 кітапхананың кез-келгеніне қайта тапсыра алады. Ол үшін оқу билеті болуы керек. Егер ол болмаса, сіз тіркеуден өтіп, «Қала оқырмандары клубына қосыла аласыз». Қажет болған жағдайда әрбір тілек білдіруші «Алматы кітапханалары» 28 филиалының бірінен оқырман билетін ала алады, оның үшеуі тәулік бойы жұмыс істейді. Осыдан кейін кітап әуесқойлары almatylibrary.kz сайтты да пайдаланып, қажетті кітаптарды таңдап, тапсырыс беріп, оларды онлайн режимінде сақтай алады»,  – қала әкімдігі.