Алматының оңтүстік-шығысында магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі болды

Фото: pixabay.com

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы 29 желтоқсан, жексенбі күні Қытайда жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


Сейсмологтардың мәліметіне сай, жер сілкінісінің ошағы Қытай Халық Республикасының аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде орналасты. «2024 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан уақыты бойынша сағат 03:24-те жер сілкінісі болды.


Жер сілкінісі ошақтарының тереңдігі 5 шақырым деңгейінде анықталды. Жер асты дүмпудің MPV шкаласы бойынша магнитудасысы 4,9 мәніне жетті», – деді сейсмологтар.   


Мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісі Қазақстанда сезілмеді. МСК-64 шкаласы бойынша дүмпулердің есептелген қарқындылығы нөлге тең болды Ұлттық ғылыми орталық мамандары жер асты дүмпулері сезілмесе де, қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады