Алматының үш ауданында суық суды өшіру жоспарлануда

Фото: seminar-beauty.ru

Алматыда 29 мамырда сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін су желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, бұл қаланың үш ауданында суық су беруді уақытша тоқтатуға әкеледі, - деп хабарлайды Taspanews порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.


Алматыда 29 мамырда сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін технологиялық жабдықтарды ауыстыру мақсатында су желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.


АҚ «Алматы Су» хабарлауынша, бұл қаланың келесі аудандарында суық судың уақытша тоқтатылуына әкеледі:


-Бостандық ауданы: Абай даңғылы - Манас - Тимирязев - Жандосов көшелері - Үлкен Алматы өзені; Тимирязев – Жарокова – Өтепов көшелері – Гагарин даңғылы, «Атакент» көрме кешенінің аумағы;


-Алмалы ауданы: Абай даңғылы – Әуезов – Жамбыл – Манас көшелері; Абай даңғылы – Әуезов көшесі – Төле би – Розыбакиев; Абай даңғылы – Розыбакиев – Құлымбетов – Тұрғыт Өзала көшелері;


-Әуезов ауданы: Абай даңғылы - Щепеткова көшесі - Үлкен Алматы өзені - Сәтбаев көшесі; Өтеген батыр көшесі, 112а, 114.


Бұл жұмыстардың жүзеге асырылуы аталған аудандардағы сумен қамтамасыз етудің сапасы мен тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді деп хабарланды. Сондай-ақ, «Алматы су» әлеуметтік нысандарға автоцистерналармен су жеткізілетінін түсіндіріп, тұрғындардан туындауы мүмкін уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауды сұрады.


МКҚК «Алматы су» диспетчерлік қызметінің байланыс телефоны: 274-66-66.