«Алып қашып кетті деген хабар келді»: Абай Бегейдің ортаншы қызына сүйіктісі сөз салды
Танымал әнші Абай Бегейдің отбасында қуанышты жаңалық. Өнер иесінің ортаншы қызы Сымбатқа сүйіктісі сөз салды. Сүйіктісі оған ұсыныс жасап, кейін алып қашып кеткені белгілі болды. Абай Бегейдің үлкен қызы Ерке Ниязқұлова бұл туралы Instagram-дағы ресми парақшасында айтты.
Оның айтуынша, әкесі болашақ құдаларын көрмей тұрып, қызын бермейтінін айтқан.
«Неше күннен бері сіздерге айтуға енді уақыты келген сияқты. Отбасымызда тіптен ойламаған жағдай орын алып, бәріміз абдырап қалдық. Ақтауға отбасымызбен демалып келеміз деп, ұшуға бір күн қалғанда «үйдің ортаншы қызы Сымбатты алып қашып кетті деген хабар келді. Бәріміз Алматыдамыз, Ақтаудан нағашы апаларын жіберіп, қызды бірден алып кеттік. Неге? Бұл жерде ешқандай менсінбеушілік немесе қарсылық танытқанымыз емес, әкесінің талабын орындау болды. Әкесі «қандай ел екенін, ата-анасын, жігіттің өзін көрмей ешқандай қызымды бермеймін» деді. Сол күн бірден Ақтаудан Алматыға жігіттің ата-анасы, ауыл үлкені келіп, әкемнің алдынан өтіп, уәделерін беріп, рұқсатын сұрады. Әкем өз ауылымыздың үлкендерімен ақылдаса келіп, «Көргенді ел-көргенді, жөні түзу, сөздері дұрыс адамдар екен» деді. «Жол мұраты – жету, қыз мұраты – кету» демекші, Табынай ауылы Бегей ауылының қызын алғалы отыр. Екі жас бақытты болсын», – деп жазды Ерке.