Амангелді және Тауыш ауылдарында су тасқынынан зардап шеккендерге 40 үй салынуда

Фото: Индустрия және құрылыс министрлігі

Қостанай облысының Амангелді және Тауыш ауылдарында су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Тамыз айына дейін баспанасынан айырылған отбасыларға арналған 40 үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда, - деп хабарлайды Taspanews ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазіргі уақытта келесі нәтижелерге қол жеткізілді: 40 тұрғын үйдің құрылысы басталды; 24 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде; Қазірдің өзінде зардап шеккендерді қоныстандыру үшін 15 үй сатып алынған.


1300-ден астам нысанды техникалық тексеру келесі шаралардың қажеттілігін көрсетті: 149 үйдің құрылысы басталды, 330 үйді сатып алу аяқталды, 829 ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.