Ақмола облысында жоғалған бала алтын іздеп кеткен

Фото: pexels

Ақмола облысында 11 сынып оқушысы жоғалып кеткен. 13 қыркүйектен бастап із-түссіз болған бала 17 қыркүйекте табылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Мектепте ұстаздар оқушының сабаққа келмегені үшін дабыл қаққан. Степногорск қаласының полиция басқармасы 16 қыркүйекте бұл туралы хабар алып, жедел іздеу жұмыстарын бастаған. Нәтижесінде, ол 17 қыркүйекте табылған. Бестөбе ауылындағы шахтаға түскені анықталған. Жасөспірім онда алтын іздеу үшін түскенін айтты. 


"Полиция ата-анасына қатысты кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, оның құқықтары мен мүддесін қорғау жөніндегі міндеттерді, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін әкімшілік хаттама жасады",  – Polisia,kz

Оқушы қорғалатын объектіге заңсыз кіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.