ANACO ЖШС 4 млн текше метр газ жоғалтқаны үшін 700 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді

ANACO ЖШС 4 млн текше метр газ жоғалтқаны үшін 700 млн теңгеге жуық айыппұл төлейді фото на taspanews.kz от 08 августа 2024 12:28
Фото: Pexels

ANACO ЖШС корпорациясы Атырау облысының жерасты байлығын тиімсіз пайдаланғаны үшін мемлекет қазынасына 600 миллион теңгеден астам қаражат аударуға міндеттелді, – деп хабарлайдыTaspanews.kz "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.


Облыстық прокурорлар 2018 жылдан бастап бес жылдық аралықта шикі газ кен орындарын игеру кезінде нормативтерден көптеген ауытқуларды анықтады. Компания қоршаған ортаға 4,2 млн текше метр газ шығарған. Бұл – көмірсутек ресурстарын қалдықсыз өндіруге шақыратын "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" ҚР Кодексінің 125-бабы, 2-тармағы және 147-бабы, 4-тармағы бойынша заң бұзушылық.


Келтірілген залал 673 130 278 теңге сомасына бағаланды. Компания айыппұлдың бір бөлігін төлеп үлгерді – 285 млн теңге.


Следите за новостями Taspanews