«Анамды үйге әкелетін кезде күйеуімнен рұқсат сұраймын»: Жазира Байырбекова отбасылық құндылықтары туралы айтты

Жанболат пен Жазира  фото на taspanews.kz от 02 сентября 2024 15:51
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

  Танымал әнші Жазира Байырбекова отбасы құндылықтары туралы сөз қозғады. Бұл туралы Taspanews.kz өнер иесінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.


Байырбекованың сөзінше, ол көп нәрсені күйеуімен әрдайым ақылдасып, рұқсатын алады.


«Отбасы құндылығын сақтаудың құпиясын сұрайды. Оның нақты формуласы жоқ. Мысалы, мен үйленгенімізге 28 жыл өтсе де өз анамды үйге әкелетін кезде Жанболаттан рұқсат сұраймын. Үйге қонақ шақыратын кезде, біреуге үлкен сыйлық жасайтын кезде, бір жаққа баратын кезде де солай. Ал қазіргі қоғам бұл әрекеттерім «дұрыс емес» дейді. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсінбей қалдық, шыны керек», – деп жазды әнші.  


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews