«Қандай тәтті балапан»: Raim мен Ерке Есмаханның ұлының видеосы елді сүйсіндірді (видео)

Ерке Есмахан мен Raim балаларымен фото на taspanews.kz от 29 июля 2024 13:12
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Танымал қазақстандық рэпер, әнші Ерке Есмаханның жолдасы Raim желіге ұлының еңбектеп жүрген сүйкімді видеосын жүктеді. Бұл туралы Taspanews рэпердің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 


Кадрлардан балапанның үстелдің астында еңбектеп жүргенін байқауға болады. Видеода Исламның түрі көрінбегенімен, тәтті аяқтары көрінеді. Өнер иесі видеоны Медеу Арынбаевтың «Балама тілек» әнімен әрлеген.


Желі қолданушылары балапанның еңбектегеніне сүйсініп, жылы лебіздерін жазуда.


«Көз тимесін», «Балапан тәп-тәтті болып өсіпті», «Тәтті аяқтарынан», «Балапан», «Төтенай десе, төтенай екен», – деп жазды желі қолданушылары.


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews