Антикор күдіктіні іздеуде ақпарат үшін марапат жариялады

Фото: Антикор

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР ҚК 366-бабы 4-бөлігі бойынша заңды бұзды деп күдікті – Дәуренбек Аманқұлұлы Қожабаевты іздеуде (қылмыстық топтың немесе аса ірі мөлшерде пара қабылдауы), –деп жазады Taspanews.kz Антикордың Telegram арнасының ақпаратына сілтеме жасап.


Айта кету керек, Дәуренбек Қожабаев Шымкент қаласының бұрынғы Прокурорының ағасы және қазіргі уақытта әлемдік іздеуде.


Оның орналасқан жері туралы деректері бар адамдар Антикорға мәлімет беруі керек: 1424-Call-орталық, 8 (7172) 90-92-60-кезекші бөлім, 8(701)972-06-05, 8(775)934-63-33.