Қарағандыда ферроқорытпа өндірісінде сегіз қызметкер зардап шекті

Қарағандыда ферроқорытпа өндірісінде сегіз қызметкер зардап шекті фото на taspanews.kz от 22 июля 2024 08:52
Фото: YDD Corporation

Қарағандыда орналасқан YDD Corporation ферроқорытпа зауытында 20 шілде күні таңертең төтенше жағдай болды: № 1 пеш кенеттен өртеніп, сегіз жұмысшы әртүрлі дәрежеде жарақаттар алды. Оқиға сағат 04:10-да болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz компанияның Instagram-дағы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Зардап шеккендер шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. YDD корпорациясының баспасөз қызметі жедел жәрдем көлігін күтпей, жұмысшыларды өз күштерімен жеткізу туралы шешім қабылданғанын айтады.


Әлеуметтік желілерде оқиға құрбандарының бейнежазбалары таратылды.


Следите за новостями Taspanews