«Араға 9 жыл салып көрген қуанышымыз»: Мейрамбек Беспаев үшінші рет әке атанады

Мейрамбек Беспаев жұбайымен  фото на taspanews.kz от 20 сентября 2024 13:02
Фото: instagram.com/marhabat.besbaeva

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мейрамбек Беспаев үшінші рет әке атанбақ. Араға 9 жыл салып балалы болатындарын жазған әншінің жұбайы қуанышты жаңалығын Instagram-дағы ресми парақшасында бөлісті. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды. 


Мархабат Беспаева жүкті кезінен видео жүктеп, оқырмандарына жақсы жаңалығын айтты.


«Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін! Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздерге бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын», – деп жазды өнер иесінің жұбайы.  


Instagram
Пост из социальной сети
Следите за новостями Taspanews