Әрекетке қабілетсіз тұлғаларға қатысты қызметтер цифрландырылды

Фото: ҚР ЕХӘҚМ сілтеме жасап

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мен Цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі бірлесіп, бұл қызметтерді EGov порталы арқылы көрсететіндей нәтижеге жетті, — деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ЕХӘҚМ сілтеме жасап.


"Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу" мен "Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру" қызметтеріне енді онлайн қол жеткізуге болады.


"Жоғарыда көрсетілген қызметтерді "Электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігі өтініштер мен құжаттарды қағаз жеткізгіште беру қажеттілігін болдырмайды, сонымен бірге қызмет көрсетудің бизнес-процестерін жеңілдетуге ықпал етеді, әрі көрсетілетін қызметті алушылардан дәйексіз деректерді ұсыну бойынша тәуекелдерді азайтататын болады. Бұл оларды көрсету үшін қажетті мәліметтер (цифрландырылған деректер болған жағдайда) мемлекеттік органдардың интеграцияланған ақпараттық жүйелерінен келіп түсетіндігіне байланысты болып отыр", – ҚР ЕХӘҚМ