Арқалық қаласы маңында санитарлық авиация ұшағы жедел қонуға мәжбүр болды
Фото: Қостанай ТЖД
5-қаңтар күні Арқалық қаласынан 1,5 шақырым жерде, әуежайға жетпей Қостанайдан Арқалыққа бағыт алған санитарлық авиация ұшағы боран салдарынан жерге шұғыл түрде қонған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қостанай облысы ТЖД сілтеме жасап.
АН-2 ұшағында төрт адам – екі ұшқыш және екі дәрігер болды. Өрт сөндірушілері оқиға орнына жетіп, ТЖД мен Арқалық қаласында жедел штабтар құрылды.
Ұшақтағы адамдар аса зардап шекпеді, жеңіл жарақаттар ғана алған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Ұшақтағылар Арқалыққа жеткізілді.