Әскерде жарақат алған Ербаян Мұхтардың жағдайы туралы белгілі болды

Фото: inga_imanbay инстаграм парақшасы

Түркияда жасаған отадан кейінгі Ербаян Мұхтардың жағдайы туралы мәлімет белгілі болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz қорғаушы Инга Иманбай инстаграм парақшасына сілтеме жасап.


Мәлімдемеге сай оның жағдайы тұрақты. Түркиядағы отадан кейін қалпына келтіру және физиотерапевтік ем-шара жүруде.


Еске салсақ, Ербаян Мұхтар Алматы қалалық Ұлттық ұлан әскери бөлімінде жедел әскери қызмет кезінде басынан қатты жарақат алды. Желке сүйегі сынып, басында үлкен ісік пайда болды.