Әскерге шақыру 1414 хабарламасы арқылы жүзеге асуы мүмкін
Фото: Gov.kz
6 қарашадағы Мәжіліс отырысында 1414 нөмірі арқылы жаңа хабарлама түрі таратылатыны қарастырылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Парламенті Мәжілісіне сілтеме жасап.
Барлық оқылымдарда келісілсе, ендігі кезекте әскерге шақыру 1414 қызметі арқылы орын алады. Қорғаныс министрі Egov арқылы аталған СМС хабарламаларды электронды түрде жібереді.
Енген өзгерістердің қатарында білім алу бойынша әскери міндеттіні босату әр деңгейде тек 1 рет жүзеге асатыны келтірілді. Бакалаврда екінші рет оқуды жоспарлаған азамат әскерден босамайды.
Жұбайы екіқабат болған жағдайда азамат отбасы жағдайларына байланысты әскерге баруды 12 немесе тағы бірнеше аптаға шегере алады.