Астана, Алматы мен Шымкент қалалары бойынша ауа райы болжамы

Фото: Pexels

Қазақстанның 3 ірі қаласында ауа райы жағдайы тұрақталып келеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz "ҚазГидромет" РМК сілтеме жасап.


Астанада күндіз температура +20+22 градус болады. Көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде температура +9+11 градус шамасында, көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз.


Алматыда күндіз көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Температура +16+18 градус шамасында. Түнде температура +6+8 градус болады. Көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз.


Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Күндіз температура +22+24 градус, түнде +7+9 градусты құрайды.