Астана, Алматы мен Шымкентте жол бойында орналастырылған жарнамаларға тыйым салынуы мүмкін

Pexels фото на taspanews.kz от 05 марта 2025 11:39
Фото: Pexels

2025 жылы 5 ақпан күні ҚР Парламенті Мәжілісі отырысында Астана және республикалық маңызы бар қалаларда ашық кеңістікте аудиожарнама тарату және тротуарлар, веложолдар мен көшелер бойында визуалды жарнама орналастыруға тыйым салынуы мүмкін, – деп хабарлайды Taspanews.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы тапсырмасы бойынша Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген заң жобасы аясында Жер кодексіне, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске және басқа да заңдарға өзгеріс енеді. Бұл қаланың келбетін әсемдеу және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында жасалады.


«Осыған байланысты республикалық маңызы бар қалалар мен елорданың мәслихаттарының құзыретін кеңейтіп, дизайн-кодты бекіту нормасын енгізу ұсынылады. Ал әкімдіктердің құзыретіне тұрақты емес нысандарды орнату және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу мен бекіту енгізілмек», – делінген ҚР Парламенті Мәжілісі баспасөз хабарламасында.

–     делінген ҚР Парламенті Мәжілісі баспасөз хабарламасында.


Следите за новостями Taspanews