Астана әуежайы қаланың коммуналдық меншігіне өтті

Астана қаласы әкімдігі фото на taspanews.kz от 16 января 2025 19:02
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанадағы «Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы АҚ» акциясының 100 %-ы қаланың коммуналдық меншігіне өтті, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.


2023 жылдың 7-қарашасынан басталған Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған шарт мерзімі 2025 жылдың 7 қаңтарында аяқталды.


«Елордалық әуежай акцияларының иесінің өзгеруін ескере отырып, қазіргі уақытта елорда әкімдігі мен «Terminals Astana Airport Management» ЖШС арасында сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасуға дайындық жүріп жатыр», – қала әкімдігі.

Следите за новостями Taspanews