Астана қаласында айыппұл төлемеген азамат он жылға сотталды

Астана қалалық прокуратура фото на taspanews.kz от 30 сентября 2024 11:37
Фото: Астана қалалық прокуратура

Лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелегені үшін 2018 жылы 672 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелген азамат кезекті алаяқтыққа барды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Астана қалалық прокуратурасына сілтеме жасап.


Айыппұлды төлегені жайлы жалған құжат тапсырғаны анықталып, жаза 10 жылға бас бостандығынан айыруға ауысты. Үкім сот шешімімен күшіне енді.


Оған құжат дайындап, көмектескен адам ұсталды.


"Алқабилердің қатысуымен шыққан сот үкімімен кінәлі тұлға аса ірі мөлшерде алаяқтық және лауазымды тұлғаға аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды"   – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews