Астана қаласында Отан қорғаушыларды шекара қызметіне шығарып салу салтанаты өтті

Әскерге аттану фото на taspanews.kz от 18 сентября 2024 09:47
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Астана қаласы, Жастар сарайында жас солдаттарды шекара күзетуге жіберу бойынша іс-шара өтті, – деп хабаралайды Taspanews.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.


Іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, Қарулы күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы полковник Фархат Құрманғажинов, ҰҚК Шекара қызметінің ардагерлері, жас сарбаздықтар мен әскерге шақырылғандардың ата-аналары қатысты. – делінген Қорғаныс министрлігі хабарламасында.

Министрлік ақпаратына сай, күз соңына дейін Елордада 1200-ге жуық жігіт әскерге шақырылады. Осыған сай бірінші лек шекараға жіберілді. Олардың 30-ы мерзімді әскери борышын Шығыс Қазақстан облысының Зайсан шекара басқармасында өтейді.


Следите за новостями Taspanews