Астана қаласында заңсыз ет өндеген цех анықталды
Фото: Freepik
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекция мамандары Астана қаласында заңсыз қызмет жүргізген цехті анықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.
Цехте өнімдер қажетті құжаттарсыз сақталған. Сонымен қатар, цех санитарлық нормаларға сәйкес келмеді. Барлық өнім уақытша сақтау қоймасына жіберілді.
«Рұқсат құжаттарынсыз қой етін өңдегені үшін «С» ЖК цехы және ветеринарлық құжаттарсыз ұсақ малдың басын сақтағаны үшін «Д» басшылығындағы сою пункті әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,