Астана мен Алматы әуежайлары ТМД елдерінде үздік атанды

Фото: Уикипедия

Астана мен Алматы әуежайлары SkytraxWorld Airport Awards 2025 бойынша Орталық Азия мен ТМД елдерінде үздік танылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.


Алматы халықаралық әуежайы ең үздік аймақтық әуежай атанды. Ондағы екі терминал әлемдегі ең үздік жаңа терминал етіп танылды.


Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына «Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі ең үздік әуежай персоналы» санатында марапат берілді.


Осыған дейін де Астанадағы әуежай бірнеше рет Орталық Азиядағы жетекші әуе хабы атағын жеңген.


Skytrax World Airport Awards әлемнің түкпір-түкпірінен келген жолаушыларына жүргізілетін сауалнамаға негізделіп берілетін премия.