Астана прокуратурасы мемлекетке 55 жер телімдерін қайтарды

Мемлекетке жер қайтарылды фото на taspanews.kz от 25 июля 2024 12:35
Фото: Астана қаласы прокуратурасы

Мемлекет қажеттілігі үшін қарастырылған жер телімі туралы сот актілеріне талдау шаралары жүргізілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Астана прокуратурасына сілтеме жасап.


"Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірі ақшалай өтемақы алып, қаланы абаттандыру үшін 50 жер телімдерін мемлекетке беру туралы сот шешімін 2 жыл бойы орындамаған.


 Тағы бір жеке тұлға өтемақы алып, 4 мың балаға білім беруге арналған мектеп салу үшін жер телімін мемлекетке беру туралы сот шешімін бір жыл бойы орындамаған", – делінген ресми хабарламада.  


Прокурор бақылауымен аталған сот актілері орындалды. Жер телімдері мемлекетке өтті.


Следите за новостями Taspanews