Астана прокуратурасы мемлекетке келтірілген шығынды қайтарды

Фото: Pexels
Астана прокуратурасы заңсыз иеленген бюджет қаражатын қайтарды, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала прокуратурасына сілтеме жасап.
Ветеринариялық бақылау және қадағалау бойынша қызмет еткен мемлекеттік сатып алу саласындағы заңсыз әрекеттері үшін сотты болғандар ісі бойынша жаңа талап қарастырылды. Астана прокуратурасы олар негізсіз жұмсаған мемлекеттік бюджетті қайтару жөнінде азаматтық талап-арыз берді.
Сот шешімі талапты қанағаттандырып, жауапкерлерден 526 млн теңге шығын толық көлемде өндірілді.
АктІ заңды күшіне енді.