Астана тұрғыны кепілдікте тұрған көлікті алмақшы болып алаяққа тап болды
Фото: Pexels
Астана тұрғыны аляққа сеніп, шығынға ұшырады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Алаяқ жәбіренушіден 2 миллион теңге алып, ізін суытқан. Кепілдікте тұрған көлікті алып беруге көмектеспекші болып алдап-соққан ер адам 32 жасар Байқоңыр ауданы тұрғыны болып шықты.
Айыпталушы күнәсін мойындады. Осыған ұқсас 2 қылмысқа қатысы анықталды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұргізілуде.