Астана тұрғынына Tik-Tok желісінде жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұл салынды

Фото: polisia.kz

Елорда тұрғынына жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Taspanews.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап


Tik-Tok әлеуметтік желісінде астаналық қолданушы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылындағы жағдай туралы айтып берген видеосын жариялады, деп хабарлайды Polisia.kz .


Әйел жергілікті тұрғындар улы заттар қолданылып, жарылыстар жасалатын алтын өндіретін зауыттың заңсыз құрылысымен үш жылдан бері күресіп келе жатқанын айтады.


Бейнежазба авторы өз жазылушыларынан назар аудару үшін басылымды бөлісуді сұрады.


Полицейлер тексеру жүргізіп, оның барысында таратылып жатқан ақпараттың жалған екені анықталды.


45 жастағы Астана тұрғынына қатысты жалған ақпарат орналастырып, таратқаны үшін әкімшілік іс қозғалды.


Сот 30 АЕК көлемінде айыппұл салды.