Астана Жаңа жылды 8 мерекелік концертпен қарсы алады

Астана әкімдігі фото на taspanews.kz от 30 декабря 2024 16:21
Фото: Астана әкімдігі

Астанада қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық топтар Жаңа жыл мерекесінде мерекелік көңіл-күй сыйлайды, – деп хабарлайды Taspanews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Эстрада жұлдыздарының қатысумен өтетін концерт 31 желтоқсан сағат 21:00-02:00 аралығында, қала әкімдінің алдында, «Қазақ елі» монументі мен ЭКСПО алаңының аумағында 31 желтоқсан сағат 21:00-02:00 аралығында өтеді.  


«Іс-шараларға отандық эстрада жұлдыздары Алмас Кішкенбаев, Ауree, Еркеш Хасен, Бейбіт Қорған, Қайрат Баекенов, Зарина Омарова, Ильхан Ихсан, Құрмаш Махан, Маржан Арапбаева, Әлішер Кәрімов, сол сияқты Заман және Меломен топтары және басқа да әртістер қатысады», –  Астана қаласы әкімдігі.

Одан бөлек, 31 жетоқсан күні сағат 12:00-13:00 аралығында мерекелік концерттер өтетін жерлер:


Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы Оқушылар сарайы;


Байқоңыр ауданының Ататүрік саябағының аумағы;


Нұра ауданындағы Орталық саябақ;


Сарыарқа ауданындағы Көктал саябағы.


Мерекелік бағдарлама да орын алып, сағат 12:00-13:00 аралығында Сарайшық ауданы, Промышленный тұрғын үй алабында өтеді.


Следите за новостями Taspanews