Астанада 12 жасар қыз он бесінші қабаттан құлаған

Фото: Pexels
Астанада 12 жасар қыз биік ғимраттан құлап, ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Astanovkz98 сілтеме жасап.
Қыз 12 жаста болғаны белгілі болды. Оқиғадан кейін ол қалалық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр. Алдын ала мәліметке сай, политравма алынған. Қыздағы травматикалық шок 2-3 деңгейде болды. Сүйектері сынып, көп қан кетті. Дәрігерлер диагноз қою мен емдеу тәсілін анықтау мақсатында кеңесуде.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қылмыстық іс қозғалды. Қыздың өзіне қол жұмсауы мүмкін екені қарастырылуда.